Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру туралы ата-аналарға кеңес
Ата-аналарға кеңес
Ваучерлерді бөлу - бұл балаларға балабақшалардан орын алуға көмектесетін үдеріс. Осы үдерістің сипаттамасы:
Жіберілген өтініштер
Алдымен ата-аналар балаларын ваучерлік кезекке тіркеуге өтініш жібереді. Әрбір өтінішке кезек нөмірі беріледі. Өтініштер кезектің белгілі бір санаттары бойынша бөлінеді. Кезектегі санаттар өтініш берілген күн бойынша қалыптастырылады.
Хабарлама
Сіздің өтінішіңіз өңделген кезде Сіз Balabaqsha SmartNation веб-сайтындағы жеке кабинетте хабарлама аласыз. Бұл хабарламада сіздің кезек нөміріңіз көрсетіледі.
Мәртебелілік көрсеткіштері
Басқару органы кезектегі әрбір санат үшін мәртебелілік коэффициентін айқындайды. Бұл әр санаттағы қанша баланы бір бөлімде қамтуға болатындығын түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ, бір итерацияда (үлестіруде) қамтылатын санаттар саны белгіленеді.
Үздіксіз итерациялар
Ваучерлерді үлестіру итерациялармен өтеді - бұл барлық санаттар қамтылғанға дейін үлестіру үдерісі үздіксіз жалғасатынын білдіреді. Итерациялар үзілмейді, бұл кезектің тұрақты қозғалысын қамтамасыз етеді.
Кезектің жаңаруы
Кезек жаңартылуы мүмкін екенін білу маңызды. Бұл балалар жасына немесе әлеуметтік мәртебесіне байланысты бір санаттан екінші санатқа ауысқанда пайда болады. Ауысу сіз өтініш берген күн бойынша болады. Осылайша, ваучерлерді бөлу үдерісі мүмкіндігінше көп балалардың балабақшаға түсуін қамтамасыз етуге көмектеседі.
ЖТМДҚ және ата анамен бала байланысы деген не?
Кезекке тек ата-ана және/немесе баланың заңды өкілі ғана өтініш бере алады.
Осы байланысты орнату үшін Balabaqsha SmartNation жүйесі "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер қорына жүгінеді"Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер қоры - бұл Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі.
Егер өтініш берген кезде баламен туыстық байланыс осы қор арқылы расталмаса, мәселені шешу үшін тиісті органдарға хабарласыңыз.
Мен ваучер алдым, әрі қарай не істеу керек?
Ваучерді алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде "Ваучерге өтініштер" бөлімінде өз мүдделілігіңізді растау қажет.
Егер сіз мүдделілігіңізді растамасаңыз, онда сіздің ваучеріңіз жойылады және сіздің өтінішіңіз тоқтатым парағына түседі.