Логопедтен 7 кеңес » ГККП "Ясли сад №15"
Алматы қаласы білім басқармасының
"№"15 бөбекжай-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау:
+7(727) 296-37-91
Әдіскер:
+7(727) 269-33-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
январь
2024

Логопедтен 7 кеңес

1.Логопед жұмысы дыбыс қоюмен шектелмейді
Логопедтік жұмыста дыбыстардың айтылуы ғана емес, сондай-ақ тіл кемістігі де қарастырылады. Балада фонемалық қабылдаумен байланысты проблемалар туындауы мүмкін. Мәселен, ұқсас дыбыстарды ажырату: дауысты және дауыссыз, ұяң әрі үнді. Дәл осы себепті балаға дауыс беру жүйесінің бұзылыстарын түзетумен айналысатын логопедтің көмегі керек. Фонемалық қабылдау қабілетінің жақсы дамуы сауаттылықтың міндетті шарты болып табылады. Дыбысталу, сөздік, грамматика – сөйлеу жүйесінің құрамдас бөлігі. Осы аталғандардың барлығымен логопед айналысады әрі грамматика мен лексикаға назар аударады.

Тілдік құралдармен емес, оларды қолдану мүмкіндігімен байланысты сөйлеу жүйесіндегі қиындықтар кездесіп жатады. Мысалы, кекештену (тұтығып сөйлеу). Жалпы айтқанда ауызша және жазбаша тіл жүйесіне байланыстылардың бәрі дерлік логопедтік жұмыстың басты тақырыбы болып табылады.

2  Сөйлеу жүйесінің даму жолдары
Сөйлеу жүйесі түрліше дамиды. Ол әртүрлі әлеуметтік ортаға байланысты ұлдар мен қыздарда (ұлдарда кеш дамиды) бірдей дамымайтындығы дәлелденген. Сөйлеудің дамуы адамның туа біткен нейробиологиялық ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға да байланысты. Оның ішінде баланың қандай жағдайда тәрбиеленіп жатқандығына, қайда тұратынына, кіммен сөйлесетініне, тіпті ата-анасының материалдық деңгейіне де қатысты болып келеді.
Бала бір жарым жасқа толғанда фразалық сөйлеу белгілері байқалуы тиіс. Үш жасында балаға балабақша деңгейіне сай оқу бағдарламасын таңдау қажет. Бала бес жасқа толып, сөйлеу жүйесі қалыптаса бастаған кезде логопед кеңесіне жүгінген жөн.
Яғни, мектеп табалдырығын аттамас бұрын (алты жарым немесе жеті жарым жаста) балаға психологиялық-педагогикалық қолдау қаншалықты қажет екендігін білуге болады. Осылайша, бала мектеп қиындықтарының алдын алады. Мұндай тексерулерден міндетті түрде өту қажет. Себебі, әр жастың өзіңе сай «сөйлеу жетістігі» бар.
3 Дисграфия мен дислексияның алдын алу
Егер бала қазақ тілінен «екі» алса, бұл оның хаттағы әріптерді шатастыруы, қалдырып кетуі, сондай-ақ орфографиялық қателіктер жіберуінің белгісі. Мұндай кезде маманмен кеңесу қажет. Үлгерімнің төмендігі әркез логопед көмегіне жүгінуге себепші болады, әйтпесе салдары жазба тілінің бұзылысына әкеп соғуы мүмкін. Баланың кітап оқуды ұнатпауы оның гаджеттерге құмартуынан деп есептелуі қалыпты жағдайға айналды. Дегенмен бала оқығысы келмесе, онда оқумен қиындықтар туындауы мүмкін. Мәселенің алдын алуға болатын ең қарапайым тәсіл: оқу жылдамдығын есептеу әрі қателерді бақылауға алу. Мұндай жағдайда логопед баладан мәтінді қайта мазмұндауын сұрайды және қайталану кезіндегі толықтықты, бөлшектердін сақталуын, себеп-салдарлық байланыстарды бақылайды. Сол кезде ғана баланың өзі оқыған дүниесін қалай түсінетіндігі белгілі болады. Егер окудың техникалық немесе мағыналық жағы қиындық туғызса, бала бойында дислексия көрініс беруі бек мүмкін.

4 Логопедтік көмекті тегін де алуға болады
Логопед көмегін алу үшін ата-аналарға психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмек орталықтарына (әлеуметтік медициналық көмек орталықтары) жүгінуге болады. Бұл жерде логопедтік көмек тегін беріледі.

5 Мәселе өздігінен шешілмейді
Кейбір ата-аналар балаларына өздігінен білім беруді құп көреді. Дегенмен баланы логопедпен бір кеңестіру артық болмайды. Бала бойындағы сөйлеу проблемалары түрлі себептерден туындауы мүмкін. Ол сөйлеуді жоғары психикалық функция ретінде қамтамасыз етумен байланысты кейбір орталық бұзылыстардың байқалуынан көрініс беруі ықтимал. Мұны анықтауға маман ғана көмектеседі. Маманмен кеңескен соң, сөйлеудің нақты мәселесі анықталып, балаға қандай көмек беру қажеттігі белгілі болады. Логопед ата-аналарға бағыт-бағдар береді: түрлі әдебиеттер немесе интернет-ресурстар (вебинарлар мен тренингтерді қоса алғанда), үстел ойындары, массаж немесе тыныс алу гимнастикасы, яғни отбасы қолдана алатын тәжірибелерді жасауға кеңес береді.

6 Ақылы орталыққа жүгінсеңіз…
Егер ата-аналар бала бойындағы мәселелерді ауызша немесе жазбаша түрде шешу үшін ақылы орталыққа жүгінуді шешсе, мына жайттарға назар аударуы керек.

«Жылдам жетістік» әдісі жоқ. Тезірек алдын алуға болатын жалғыз жол баланың эмоционалды жағдайымен байланысты болуы ықтимал. Егер балада эмоционалды ыңғайсыздыққа байланысты үлгерім төмендiгi мен тұрақты қателіктер жиі орын алса, оны осы ортадан шығарып, оңалдыру керек. Дейтұрғанмен, бұл – логопедтің емес, психологтың жұмысы.
Педагогикалық әдістемеде коммерциялық құпия болмайды. Ата-аналар баламен мамандардың қандай жұмыс жасайтынын әрі оның қалай жасалатынын білуге міндетті.

7 Ата-аналарға кеңес
Мамандар ата-аналарға баламен сөйлесуге, көбірек қарым-қатынас жасауға, мәселелерді талқылауға және әдеби мәтіндерді дауыстап оқуға кеңес береді. Ата-ананың балаға көркем сөйлеуге деген көзқарасын көрсетуі, әдебиетке, поэзияға деген құштарлығын байқатуы, қуаныш пен жанашырлық сезімімен бөлісуі аса маңызды болып табылады. Ең жақсы тәжірибе – баламен бірге оқу. Бұл балаға дауыстап оқуды ғана емес, сонымен бірге суреттерге бірлесіп қарауды, талқылауды да үйретеді. Себебі, логопедтік көмек – стандарттарды, сөйлеу үлгілерін әзірлеу ғана емес. Логопед маман балалардың әдебиет және көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыруы, сондай-ақ бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасқа араласуы да маңызды болып табылады.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив