Логопед жұмысы: Тыныс алу жаттығуы: «Шағаланы ұшыр»
Мақсаты: Дұрыс тыныс алу дағдыларын қалыптастыру (мұрынмен тыныс алып, ауызбен баяу, бірқалыпты шығару). Өкпенің тыныс алу көлемін кеңейту, демді ұзақ ұстап, бірқалыпты шығаруды үйрету. Сөйлеу тынысын дамыту – сөйлеу кезінде демді дұрыс бөлуге дағдыландыру. Ерін, ұрт, тыныс алу бұлшықеттерін жаттықтыру, дауыс пайда болуына қажетті тыныс күшін реттеу. Баланың қиялын, қызығушылығын арттыру арқылы ойын түрінде тыныс жаттығуын орындауға ынталандыру.