05
декабрь
2025
Логопед жұмысы: Тыныс алу жаттығуы: «Шағаланы ұшыр»
Мақсаты:
Дұрыс тыныс алу дағдыларын қалыптастыру (мұрынмен тыныс алып, ауызбен баяу, бірқалыпты шығару).
Өкпенің тыныс алу көлемін кеңейту, демді ұзақ ұстап, бірқалыпты шығаруды үйрету.
Сөйлеу тынысын дамыту – сөйлеу кезінде демді дұрыс бөлуге дағдыландыру.
Ерін, ұрт, тыныс алу бұлшықеттерін жаттықтыру, дауыс пайда болуына қажетті тыныс күшін реттеу.
Баланың қиялын, қызығушылығын арттыру арқылы ойын түрінде тыныс жаттығуын орындауға ынталандыру.
