Логопед жұмысы: Пластинография әдісі
Пластилинография — бұл жаңа, ерекше және дәстүрлі емес шығармашылық техникасының әдісі , қатты және тегіс бетті үлгідегі картонға, тақтайға, пластмассаларға және тағы басқа жазықтыққа түсті ермексазбен бейнелеу. Бұл іс-әрекеттің артықшылығы - балалар нысандардың пішінін, қасиеттерін зерттейді, саусақ қозғалыстарының дамуы арқылы тілінің де дамуына көмектеседі. Заттарды мүсіндеу кезінде, балалардың бақылауы мен қиялы, шығармашылық тұрғыда жаңа нәрселерді ойлап табуға көмектеседі.