Біз туралы » Страница 23 » ГККП "Ясли сад №15"
Алматы қаласы білім басқармасының
"№"15 бөбекжай-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау:
+7(727) 296-37-91
Әдіскер:
+7(727) 269-33-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қыстағы шуақ күн"
21
январь
2021
"Қыстағы шуақ күн"
Білім саласы: "Шығармашылық" Оқу қызметі: Сурет салу Тақырыбы:"Қыстағы шуақ күн" Мақсаты: Бала бойындағы қысқы табиғат құбылыстары, ерекшеліктерін сезіне білушілік,  қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиелеу,шығармашылықпен сурет салуға үйрету. Мектепалды "Сұңқар" тобы 
Сурет салу. "Түзу жолда мен жүремін тура"
21
январь
2021
Сурет салу. "Түзу жолда мен жүремін тура"
Білім беру саласы: Шығармашылық. Оқу қызметі: Сурет салу. Мақсаты: Балалардың бояумен сурет салуға қызығу шылықтарын арттыру. Қылқаламды оң қолдарына үстап сурет салуға жаттықтыру, саусақтың үсақ бүлшың еттерін дамыту. Жолақ «жолдарға» бояуды біркелкі жаға білуге дағдыландыру, қағаз бетінде кеңістікті бағдарлауға үйрету. Іздің әртүрлі пішіндерін байқату.  Тобы: ортаңғы "Көгершін" Тәрбиеші: Сахова К.С.
Аквариумдағы балықтар
20
январь
2021
Аквариумдағы балықтар
Білім саласы: "Шығармашылық" Оқу қызметі: Жапсыру Тақырыбы :"Аквариумдағы балықтар" Мақсаты. Балаларға балықтардың түрлерін таныстыра отырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Балықтардың дене мушелері, іс-әрекетімен таныстыру, түрлі қию тәсілдерін қолданып, бірнеше бөліктен құрастырып жапсыру.
Дидактикалық ойын "Дүкен"
20
январь
2021
Дидактикалық ойын "Дүкен"
Дидактикалық ойын "Дүкен" Мақсаты: Балаларға дүкен, дүкенші туралы түсінік беру. Сұрақ - жауап арқылы балалардың тілдерін дамыту. Сөздік қорларын молайту, балалардың қызығушылығын кеңейту.  Тобы: кезекші кіші "Қарлығаш" тобы Тәрбиеші: Жайнақ Қ.Б.
Ғажайып қыс"
20
январь
2021
Ғажайып қыс"
№3 педагогикалық кеңестің ашық оқу қызмет. Білім беру саласы: "Шығармашылық" Оқу қызметі: Сурет салу, жапсыру. Тақырыбы "Ғажайып қыс" Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, шығармашылық ынтасын ояту,мнемо кесте, сызба арқылы  шығармашылықпен өлең, әңгіме құрастыруға, сурет салу, жапсырудың дәстүрден тыс тәсілімен жұмыс істеу іскерлігіне баулу.
"Қысқы серуен"
15
январь
2021
"Қысқы серуен"
Даладағы серуен Мектепалды "Сұңқар" тобы
Жапсыру "Тік ұшақ"
15
январь
2021
Жапсыру "Тік ұшақ"
Білім беру саласы: Шығармашылық. Оқу қызметі: Жапсыру. Тақырыбы: "Тік ұшақ" Мақсаты: Көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау, аспан денелерін ажырата білуді үйрету. Ұшақ бөлшектерін рет-ретімен орналастыра білуді үйрету, жұмысты ретімен атқара білуге тәрбиелеу. Тобы: Кезекші мектепалды "Бүркіт" Тәрбиеші: Есибаева Г.А. 
Ашық оқу қызметі. "Рәміздерім мақтанышым"
15
январь
2021
Ашық оқу қызметі. "Рәміздерім мақтанышым"
Ашық оқу қызметі. Тақырыбы: "Рәміздерім мақтанышым" Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Тобы: Кезекші ересек "Бұлбұл" Тәрбиеші: Майкенова А.М.
Ашық оқу қызметі. "Табиғат тіршілік нәрі"
14
январь
2021
Ашық оқу қызметі. "Табиғат тіршілік нәрі"
Ашық оқу қызметі: "Табиғат тіршілік нәрі" Мақсаты: табиғат құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру. Табиғатты қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Экология туралы білімдерін   пысықтау.  Тобы: Кезекші мектепалды "Сұңқар" Тәрбиеші: Жұмақанова А.С.
Сурет салу. "Көңілді аққала"
14
январь
2021
Сурет салу. "Көңілді аққала"
Білім беру саласы: Шығармашылық. Оқу қызметі: Сурет салу. Тақырыбы: "Көңілді аққала" Мақсаты: Аққала суретін салу үшін суық түстерді – көгілдір, қара көкті таңдап алу қажеттілігін үйрету. Қылқаламды әр –түрлі – қатты, ақырын басып, жуан, жіңішке із түсіру, дөңгелекті үзіліссіз салуға жаттықтыру, балалардың көзбен мөлшерлеуін, байқампаздығын дамыту. Тобы: ортаңғы "Көгершін" Тәрбиеші: Сахова К.С.